Коронавирус. 500 мыңға жуық елорда тұрғыны індетке қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша,  COVID-19-дан қорғанудың жалғыз  тәсілі – вакцинация. 

Бүгінгі таңда елорда халқының 71,5%-ы бірінші компонентті салдырған. Сәйкесінше, екі компонентті екпе алуы тиіс халықтың 67,3%-ы алып үлгерген. Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында вакцинаның бірінші компонентін 509 мыңнан астам азамат алған. Ал 480 мыңдай тұрғын толықтай иммундау курсынан өтті, - деп атап өтті астананың бас санитарлық дәрігері. 

Сондай-ақ ол қайта екпе салдыруы тиіс азаматтарға тоқталды. 

Алайда вакцинаның екінші компонентін алғандар ішінде 284 814 адамда вакцинациялау сәтінен бастап 6 ай өтті және оларға шұғыл түрде иммунитетті көтеру үшін ревакцинациядан өту қажет. Қазіргі уақытта ревакцинацияға тиесілі халықтың тек 31,2%-ы ғана алған. Қыс айларында адамның иммунитеті әлсірейді және оны витамин қабылдау арқылы, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан қорғану үшін ревакцинациядан өту қажет. Ұжымдық иммунитеттің деңгейі мен сақталу ұзақтығы қайта вакцинацияланған адамдардың санына байланысты екенін түсінгеніміз жөн.  Бұл өз кезегінде вирустың одан әрі таралуы мен мутациясына, аурудың жаңаша өршуіне мүмкіндік бермейді, - деді Сархат Бейсенова. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы