Коронавирус. 488 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 шілдедегі ақпаратты жариялады.

1 шілдедегі мәлімет бойынша 26 122 адам коронавирус инфекциясынан (24 802 КВИ+ және 1 320 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

 7 738 пациент стационарда,

 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
 488 адамның жағдайы ауыр,
 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

29 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 88 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 61 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 57113, 990 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52344-ке жетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы