Қытайда коронавирустан 425 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда 2019-nCoV коронавирус жұқтырғандардың 2,1% қайтыс болды.
Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлемдеді.
Коронавирус жұқтырғандар саны көбейгенмен, Қытайда қайтыс болғандар саны өте төмен – бар болғаны 2,1%, – деді ол.Бұл Эбола, таяушығыстық респираторлы синдром, атипиялық пневмония секілді аурулардың өлім көрсеткішінен әлдеқайда төмен.
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 425 адамға жетті. Ал шетелдерде 148 адам жұқтырған.
Бұған дейін, коронавирустан Қытайда көз жұмғандар саны 361-ге жетті. Ал індетті жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан "C5+1" министрлік кездесуіне қатысты
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы