Коронавирус: 34 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 сәуірде ел аумағына Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

3 497 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасыз 34 жолаушы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 1 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 10 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы