Коронавирус: 30 мыңға жақындап қалдық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі коронавирусқа байланысты жағдайды айтты.

Қазіргі таңда елімізде 27 541 адам COVID-19 жұқтырған. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз. Қайтыс болғандар саны – 126 науқас. Ал 10 962 адам немесе ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты, - дейді Жұмабек Бекенов.

Оның айтуынша, еліміздің барлық стационарлық карантинінде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. 

COVID-19 ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбулаториялық бақылауда 8 472 адам тұр, - деді департамент директоры.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, елордада бүгінде 3 348 адам жұқтырғанын айтты.

Оның ішінде өткен аптада 587 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптаға қарағанда 21 пайызға көбейді. Күнделікті өсім – 3 пайыз, 2 291 науқас жазылып шықты. Ауруханада 2 610 науқас жатыр, бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда, үш есе көп. Оның ішінде пневониямен ауыратындар саны – 92 пайызды құрайды, - дейді Қисықова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы