Коронавирус 13 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 28 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 711 КВИ+ және 6 569 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 483 пациент стационарда, 15 797 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 249 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ ведомство COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де таратты.

2021 жылғы 26 ақпандағы мәлімет бойынша 58 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 244 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 49 284, өлім жағдайлары - 622, барлығы 42 093 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы