Коронавируспен күрес. БҰҰ Қазақстанға 100 мың долларлық грант бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы халықтың осал топтары үшін COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын жеңілдетуде Қазақстан үкіметіне қолдау көрсету шараларын қабылдады.
Осы мақсатта БҰҰДБ жаңа құрылған COVID-ке жедел ден қою қорынан Қазақстанға арнап 100,000 доллары мөлшерінде бастапқы грант бөлді.
COVID-19 вирусының қарқынды таралуы дамушы елдер үшін қысқа мерзімді келешектегі денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысынан, сондай-ақ көптеген айлар мен жылдарға ұласатын елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарлардан көрініс табатын үлкен тәуекелдер төндіреді. Дамушы елдердегі кіріс шығындары 220 миллиард доллардан асып, 2020 жылы әлемдік экономика 3 пайызға күрт қысқарады деп күтілуде.
Климаттың өзгеруі сияқты, жаңа коронавирус пандемиясы экономиканың барлық секторларында және қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік басқарудан бастап елдердің тиімді дағдарыстық коммуникациялары мен экономикалық саясатына дейін барлық даму салаларында елдердің тұрақтылығына сын-қатер тудыруда.
БҰҰ-ның COVID вирусымен күрес жөніндегі бірлескен күш салулары шеңберінде, БҰҰДБ әлеуметтік-экономикалық ден қою жөніндегі қызметке, оның ішінде COVID-19 вирусы пандемиясының әлеуметтік және экономикалық салдарларын және оның халықтың неғұрлым осал топтарына - мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жастарға, көп балалы аналарға, ауыл тұрғындары мен қарттарға әсерін бағалай отырып басшылық етеді. Осы бағыттағы жұмыс нәтижелері дағдарыстан кейін қалыпқа келу жөніндегі үкіметтің ұзақ мерзімді шараларын нығайтуға көмектеседі, - деді Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ бастамалары дағдарыстан зардап шеккен тәуекел тобындағы жастар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған. Осы мақсатта БҰҰДБ қолданыстағы жастарды арнайы оқыту бағдарламасын психологиялық-әлеуметтік қолдауды, тәлімгерлікті және бағдарлауды қамтитын жұмыспен қамту жөніндегі кешенді құралдарға бейімдейді.
БҰҰДБ ел Үкіметіне өзін-өзі оқшаулау режимі шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің көп санының қашықтан жұмыс жасауын талап ететін мемлекеттік аппараттың барлық буындарының бизнес-процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады.
Климаттың өзгеру салдары пандемия жағдайында да өзектілігін жоғалтпайтынын ескере отырып, БҰҰДБ қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялар мен технологияларды пайдалана отырып, "жасыл" жобаларды ілгерілетуде елдерге қолдау білдіруде. Даму жөніндегі серіктестермен бірлесе отырып, БҰҰДБ Қазақсан Үкіметіне COVID-19 науқастарын қабылдайтын елдің емдеу мекемелерінде зарарлы медициналық элементтерді жағуды талап етпейтін қалдықтарды кәдеге жаратудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу арқылы медициналық қалдықтарды жинау мен олардың айналымын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді жоспарлауда.