Коронавирус: қайтыс болғандар саны 500-ге жуықтады

Алматы, BAQ.KZ. 4 ақпан күні қауіпті вирустан тағы 65 адам көз жұмып, жалпы саны 492-ге жетті. 

Олардың басым көпшілігі Қытай елінің азаматтары, тағы бір адам Гонконгта қайтыс болған. 

Ал вирусты жұқтырғандар саны 3280 адамға артқан. 

Сонымен қатар, Жапония, Таиланд, Сингапур, Оңтүстік Корея, Австралия, Тайвань, Вьетнам, Малайзия, Макао, Канада мен Бельгияда да қауіпті вирусты жұқтырғандар тіркелген.

Қытайда қазір 23,9 мың адам осы індетті жұқтырған, олардың 2,8 мыңы ауыр халде. Ал жазылып шыққандар саны 879-ға жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ракты жеңгендер
Өзгелердің жаңалығы