Коронадағдарыс: Экономист сарапшылар қандай кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус әлемді әбігерге салуда. Талай алпауыт мемлекеттер экономикалық дағдарысқа ұшырамаудың жолын іздеп жатыр. Алайда індет аталған салаға кесірін тигізбей қоймады.
Салдарынан "коронадағдарыс" деген термин пайда болды. Ол нені білдіреді? Жаһандық экономика ахуалы қалай болмақ? Қазақстанға қалай әсер етеді? Экономист сарапшылар нендей кеңес береді? Бұл сауалдарға Аlmaty.tv телеарнасына GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық жауап берген екен.Қалыптасқан жағдайға байланысты пікір білдіретін болсам, қазіргі таңда әлем экономикасы үлкен дағдарысқа ұшырап жатқан жайы бар. Ең бірінші болып халықаралық валюта қоры болжам жасады. Сәуірдегі болжамда әлем экономиксы 3 пайызға дейін құлдырайды десе, қазір 4,9 пайызға дейін құлдырайды деп айтып отыр. Бұның өзі белгілі бір дәрежеде әлемдегі жағдайдың күрделеніп бара жатқанын көрсетеді. Және де осы коронакризистің үлкен бір шарықтау шыңына жетіп жатқанын көрсетеді. Екінші толқыны басталып жатыр деп айтып жатыр, - дейді GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық.Экономист індеттің салдары Қазақстан экономикасына да әсер етпей қоймайды дейді.
Күзде күткен едік. Қазір болып жатқан жағдайы бар. Сондықтан бұның салдары жалпы әлем экономикасына емес, Қазақстанға да кері әсер ететіні анық. Осы мәліметтен кейін бірден мұнайдың бағасы түрлене бастады. Алдағы уақытта белгілі бір жәрежеде біздің теңгеміздің де тұрақсыз болады деген сөз. Осы жағдайды ескере отырып, халық не істеу керек деген сауалға келетін болсақ, бірінші кезекте қатты дүрбелеңге салудың қажеті жоқ. Бұл жерде салмақтылықпен шешім қабылдаған дұрыс. Қандайда бір сезімге беріліп кетпеңіз, дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Егер төтенше жағдай режимі болып қалатын жағдай болса, сіз отбасыңызға жинақ жинап үлгеруіңіз керек. Ол үшін қазір жұмыс жасау керек. Болмаса керек емес мүліктеріңіз болса, жер, үй бола ма, артық көлігіңіз бола ма, оның бәрін сатып жібергеніңіз дұрыс, - дейді ол.Сонымен қатар, егер жинақтаған қаражатыңыз болса, мүмкіндігінше мультивалютада сақтаған абзал екендігін айтады.
Өйткені қолда бар қаражат әрқашан қажет болады және екінші мәселе осы жинақтаған қаражатыңызды бәрін теңгемен бір банкке сақтап қойған дұрыс емес. Ешқашан бір жерде ұстауға болмайды. Оны түрлендіріп ұстау керек. Шетелдік, еурода, тіпті юаньда. Осылай түрлендіріп ұстасаңыз, қаражатыңыз белгілі бір дәрежеде сақталады, - дейді мақсат Халық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдік туризм 1,2 трлн доллар шығынға ұшырады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы