Көрнекті тұлғалардың домбыралары: Алматыда ұлттық аспап көрмесі ұйымдастырылды

Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейінде атаулы күнге орай музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан жасақталған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ұйымдастырылды. Музей қорында 220-дан астам музыкалық аспаптар бар, соның 60-ы домбыра.

Экспозициядан қазақ халқының рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар орын алады.

Көрмедегі алғашқы домбыра – Социалистік Еңбек Ері Алтынбек Дәрібаевтікі.
Ақын, әнші-сазгер Жаяу Мұса Байжанұлының өзі қолдан жасаған домбырасы.  
Ұлы Абайдың жары – Ділда Алшынбайқызының домбырасы. 1882 жыл. Семей облысы
Қазақ және кеңістік музыка зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазастанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың домбырасы. ХХ ғасыр.
Халық әншісі Әміре Қашаубаевтың домбырасы. 1925 жыл.
Жазушы Сапарғали Бегалин сыйға тартқан Каукен Кенжетаевтың домбырасы. 1956 жыл. 
Академик Қаныш Сәтбаевтың домбырасы. ХХ ғасыр. Ғалымның орындауындағы қазақтың жиырмаға жуық әнді атақты орыс композиторы Александр Затаевич нотаға түсірген.   
Халық әртісі Манарбек Ержановтың домбырасын 1925 жылы әкесі жасап берген. Ол бұл аспаппен 1936 жылға дейін өнер көрсеткен.

 

КСРО халық әртісі Елубай Өмірзақовтың домбырасы. 1914 жыл.
Ақын Қасым Аманжоловтың домбырасын ағасы қолдан жасап берген. ХХ ғасырдың басы. 2008 жылы Ұлттық Музей қорына бұл домбыраны ақынның қызы Дариға Аманжолова өткізген.
КСРО халық әртісі, екі мәрте Сталиндік сыйлықтың лауреты Күләш Байсейітованың домбырасы. ХХ ғ.
Ақын Жұбан Молдағалиевтің домбырасы. ХХ ғасырдың ортасы. Көрнекті ақын арнайы қолтаңбасымен өзі Ұлттық музей қорына табыстаған.
Көрнекі археолог, ғалым Кемел Ақышевтың домбырасы. ХХ ғасыр.Этнограф, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың домбырасы. ХХ ғасыр.Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың әкесінің домбырасы ХХ ғасыр.
Мемлекет қайраткері, профессор Мүслім Базарбаевтың домбырасы. ХХ ғасыр.Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың домбырасы. 1975 жылы.Домбыра. ХІХ ғасырдың соңы. Шебері – Нысанбай Жөлкей.
КСРО еңбек сіңірген әртісі Ғалым Қойшыбаевтың домбырасы. ХХ ғасыр.Әнші Қайрат Байбосыновтың домбырасы. ХХ ғасыр.Мерекелік шара барысында белгілі күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музейге табыстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы