Көркем жүзу: елордалық Эдуард Ким әлем кубогының жеңімпазы атанды
Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық спортшы техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін көрсетті. Бұл – Эдуардтың әлем кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі.
Күміс медальді италиялық Филипо Пелати (198.1749), қола жүлденіы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.
Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс медаль, ал дәл Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 5 млн теңгенің жалған ауа баптағышы тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы