21 Шілде 2026, 08:52
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды?
Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.
Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Жекелей сында Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.
Ал топтық жаттығулар бағдарламасында Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова өнер көрсетеді.
Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді. Турнирде әлемнің үздік гимнастары бақ сынап, басты жүлделерді сарапқа салады.