Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ақмарал Ерекешева 6-орын алды
Франкфуртте көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жекелей көпсайыс финалы аяқталды.
16 жастағы қазақстандық гимнаст, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116,000 ұпай жинап, алтыншы орын алды.
Жарыстың жүлдегерлер үштігі:
Дарья Варфоломеева (Германия) – 119,500 ұпай;
Стилиана Николова (Болгария) – 117,600 ұпай;
София Раффаэли (Италия) – 117,550 ұпай.
Жекелей көпсайыста 73 елден 102 спортшы өнер көрсетті.
Ақмарал Ерекешева енді 16 тамызда өтетін таспа және шоқпармен жаттығу финалдарында бақ сынайды.