15 Тамыз 2026, 08:53 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ақмарал Ерекешева 6-орын алды

Енді Ақмарал Ерекешева 16 тамызда таспа және ұршық жаттығуларының финалында өнер көрсетеді.

Франкфуртте өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында көпсайыстың финалы аяқталды.

Қазақстандық 16 жастағы гимнаст, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116.000 ұпай жинап, 6-орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы:

  • Дарья Варфоломеева (Германия) — 119.500 ұпай;
  • Стилияна Николова (Болгария) — 117.600 ұпай;
  • София Раффаэли (Италия) — 117.550 ұпай;
  • Ақмарал Ерекешева — 116.000 ұпай.

Жеке көпсайыста 73 елден 102 спортшы бақ сынады.

Енді Ақмарал Ерекешева 16 тамызда таспа және ұршық жаттығуларының финалында өнер көрсетеді.