Кеше 2026, 21:19 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Көркем гимнастика: Ақмарал Ерекешева Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды

Отандасымыз таспамен орындалатын жаттығуда финалда 27 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Баку қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз таспамен орындалатын жаттығуда финалда 27 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Жарыс жеңімпазы – Германия өкілі Дарья Варфоломеева (28.800 ұпай), ал екінші орынды Италия спортшысы София Раффаэли иеленді (28.500 ұпай).

Сондай-ақ Ақмарал Ерекешева шығыршықпен жаттығу финалында 27.950 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы оныншы орынға тұрақтады.