"Көріпкел шындықты айтқан жоқ" – Байжанов

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотында сотталушы Бақытжан Байжанов көріпкелдің айтқандарын жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Байжановтан "Бишімбаев пен көріпкелдің сөйлескенін қай уақытта көрдіңіз?" деп сұрақ қойды.

Сағат 15:51 кезінде қоңырау шалғанда мен қасында тұрмын, бәрін естідім. Оның айтқаны маған қаншалықты көмектесетінін білмеймін, бірақ ол шындықты айтып тұрған жоқ. Ол жедел жәрдем, дәрігер туралы айтқан жоқ. Өйткені сол кезде Бишімбаевтың қасында тұрмын. Ол (көріпкел) оның миы тынығып жатыр, ұйықтап алсын деген дүниелерді айтты. Кейінірек ұйқысынан оянады, сосын үйге қайтасыңдар деді. Мен солай естідім, - деп жауап берді Бақытжан Байжанов.

Көріпкел не дейді?

Ол (еск-Бишімбаев) бірдеңені білгісі келсе, үнемі "мынаны қараңызшы" деп жүгінетін. Уақыты есімде жоқ, ол маған қоңырау шалды. Мен бос емес болсам да, қоңырауды алдым. Ол маған "біз Салтанатпен көп ішіп, төбелесіп қалдық" деді. Қателеспесем, сағат 15:00- 16:00 қарай ғой деймін. Мен мұны шынайы деп қабылдаған жоқпын. Оған "мен не істеймін енді" дедім. Өйткені мас екенін бірден түсіндім. Оған жедел жәрдем шақыру керегін айттым. Ол "жоқ, сіз қараңызшы" деді. Біздің сөйлескенімізге көп болса 30 секундтай ғана уақыт болды, – деді шымкенттік көріпкел.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы сот
Өзгелердің жаңалығы