Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының авиациялық оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ экипажы шығарылды, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілді», – деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2892 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы