Қорғаныс министрі қаза тапқандардың отбасыларына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - делінген хабарламада.


Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданады.

Еске салсақ, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімінде жарылыс болып, ол өртке ұласты. Салдарынан 9 адам опат болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы