Кореялық компанияның бас директоры Қазақстандағы жобалары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кореялық "Daewoo Shipibuilding and Marine Engineering" компания басшысы әртүрлі салада әлемді мойындатқанын және сондықтан Қазақстандағы ірі жобаға қатысқанын айтты.

Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында "Daewoo Shipibuilding және Marine Engineering" бас директоры Ли Юн Бэ компанияның Қазақстандағы жобалары туралы қысқаша баяндады.

"Тенгиз мұнай орнының даму жоспарын "Тенгиз Шевройл" басқарады. Қазіргі таңда  тәулігіне  бірінші және екінші мұнай ұңғымаларынан  500 баррель  мұнай өндіріліп жатыр. Жобаны одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.  Шикі  мұнайды өндіру үшін   160 дана модуль орнатылды. 2014 жылдың қарашасында 95 тонна модульді өндіру бойынша келісімшарт орнатылды. Бұл міндет 2019 жылдың соңына дейін 80% жоспармен  аяқталады деп жоспарланып отыр. Біз сияқты ірі шетелдік компания аталған жобаға қатысуымыз үлкен мәртебе. Жұмыстың үш тетігі бар. Осы жылғы наурыз айының жағдайына сәйкес, біздің компанияның резервтік қоры 2,70 млрд долларды құрайтын  6 жоба бар. Әртүрлі салада біз барлық әлемді мойындата алдық. Сондықтан Қазақстандағы ірі жобаға қатыса алдық", - деді  Ли Юн Бэ.



Сондай-ақ, Ли Юн Бэ ТШО бойынша 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш  жүзеге асырылған жоба туралы атап өтті.

"2010-2012 жылдары Қазақстандағы жұмыс кезінде осындай үлкен тәжірибеге ие болдық. ТШО бойынша 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш  жүзеге асырылған жоба туралы айта кеткен жөн. Біз  теңізге шығу мүмкіндігі жоқ ел ретінде Қазақстандағы шектеуді қалай жоя алғанымыз туралы тәжірибемізбен бөліссек деп едік. Қазақстандағы жергілікті серіктестіктермен қалай жұмыс істегеніміз туралы атап өткен жөн. Орталық Азиядағы Қазақстанның географиялық орны теңіз бен өзендерге шығуды қиындатты. Ол транспорт пен логистикада  көптеген кедергіні туғызды. Бұл мәселені біз румыниялық компанияның негізімен шеше алдық", - деді спикер.

Бизнес-форумға екі ел тарапынан 500-ге тарта бизнес өкілі қатысуда. Онда машина жасау, медицина, химия өнеркәсібі, құрылыс және басқа да басымдықты салалар талқыланды. Форум барысында 3,2 млрд АҚШ доллары сомасындағы келісімге қол қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы