Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда 256 адам коронавирус жұқтырды. Ел бойынша жалпы 2 022 адам сырқаттанып жатыр.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау жәна профилактика орталықтарының ұйымы (KCDC) хабарлады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіпті үшінші деңгейден төртінші "қызыл" деңгейге ауыстырған болатын.
KCDC мәліметтеріне қарағанда, жаңадан жұқтырғандардың ішінен 182 адам Тэгу қаласында тіркелді. Кёнсан-Пукто провинциясында 49 адам, қалғандары басқа аудандарда жұқтырған. 13 адам қайтыс болып, 26 адам сауықты. 24 751 адамның анализдері тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ, әскери қызметкерлер арасында 25 адам жұқтырған. 700-ден астам адамның коронавирус жұқтыруы "Синчхончжи" сектасымен байланысты болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия НАТО-ға көмекке жүгінуі мүмкін
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы