Қазақстан мен Оңтүстік Корея екі ел азаматтарының қатынастар мәселесін талқылады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Сыртқы саяси ведомстволары арасында Консулдық мәселелер жөніндегі консультацияларының 5-ші отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал корей тарапын СІМ Шетелдегі кәрістер істері және консулдық мәселелері жөніндегі бюроның бас директоры Ву Ин Шик басқарды. Іс-шараға сондай-ақ екі елдің мүдделі құзыретті органдарының өкілдері де қатысты.

"Аталған консультациялар барысында екі елдің консулдық саласында туындаған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның аумағына Қазақстан азаматтарын кіргізбей кері қайтару; заңсыз еңбек мигранттардың қалыптасуына жол бермеу; оның шешу жолдары; екі ел азаматтарының құқықтарын қорғау; шарт-құқықтық базаны кеңейту; және тағы басқа екі тарапқа ортақ өзекті мәселелер талқыланды" - делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы