Корея-Қазақстан апталығы: мәдениет, музыка және ынтымақтастық мерекесі

26–28 маусым аралығында Алматыда Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған «Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week» апталығы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны Корей мәдени орталығы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады.

Апталық аясында концерттер, корей мәдениеті мен туризміне арналған көрмелер, сондай-ақ бизнеске арналған кездесулер ұйымдастырылады. Республика сарайында дәстүрлі, классикалық және заманауи музыкалық концерттер өтсе, қаладағы ірі сауда орталықтарында корей өнімдері мен қызметтерін таныстыру шаралары жоспарланған.

Қазақстан — Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Екі ел де алтай халықтарының ортақ мәдени кеңістігінде дамыған. Бұл мәдениет пен дәстүрлердің ұқсастығынан көрінеді. Мәдениет пен экономиканы біріктіретін бұл іс-шара елдеріміз арасындағы әріптестікті тереңдетеді, — деді Корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чхоль мырза.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы