Мемлекет басшысы Корея президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израиль Қазақстандағы елшілігін жапты
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы