#Тәуелсіздік30. Корей елшісі қазақстандықтарды алдағы атаулы күнмен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 қазанда Корея Республикасы мемлекеттің құрылған күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай Кореяның Қазақстандағы елшілігі салтанатты іс-шара өткізді.
Пандемияға байланысты іс-шараға санаулы адам шақырылды.
Елшілік ғимаратында ұйымдастырылған іс-шарада алдымен екі елдің мемлекеттік әнұраны ойнады.
Ресми кездесудің ашылуында сөз алған Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза елдердің дипломатиялық байланысы жайында айта кетті.
Корей мемлекетінің құрылғанына 4354 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға келгендеріңізге алғыс айтамын. Бүгін мен үшін өте жауапты күн. Өйткені мен былтырғы жылдың маусым айында елші болып тағайындалғаннан кейін алғаш рет Кореяның құрылған күніне орай осы қабылдауды ұйымдастырып отырмын, - деді дипломат.
Былтыр пандемияға байланысты Кореяның құрылу күні онлайн форматта атап өтілді.
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы сәтті пайдалана отырып қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтағым келеді, - деп елші Ку Хонг-сок қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы