Корей халқы тоғызқұмалақ ойнауды үйреніп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлттық ойынына арналған 10 тақта корей ойын үйірмелеріне табысталды. Қазақстанның Кореядағы елшілігі бұл рәсімді Абайдың 175 жылдығына орайластырды. Өйткені тоғызқұмалақ хакімнің сүйікті ойыны болғаны белгілі деп хабарлады "Хабар-24".
Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.
"Тоғызқұмалақ математикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Өткен жылдан бастап Корея ойындарға үлкен мән беріп отыр. Әрине, мобильді және компьютерлік ойындармен айналысатын балалар көбейіп келеді, бірақ осындай ойындар нәтижесін болжауға болады және адам қарсыластың эмоциясын көрмейді. Үстел ойындарында жаңа жағдай қалыптасады, басқа ойыншының реакциясын бақылау керек. Сондықтан үстел ойындары балалардың қоғамға бейімделуіне және ақыл-ойын дамытуға көмектеседі", - деді Ойындарды зерттеу ұйымының басшысы Чо Хён Сук.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
МСҚ: Елордалықтар бір айда 2,5 млрд теңге жарна аударды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы