Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау гарнизонында корабльдерді орналастыру пунктінің су астындағы диверсияға қарсы қорғанысы мен қорғалмаған рейд мәселелері бойынша үш кезеңдік оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша шартты қарсыластың су астындағы диверсиялық топтарынан кемелердің су айлағында жасалатын диверсиясы туралы ақпарат жетті.

Жаңартылған «Сергек» катеріндегі кезекші күштер орналасқан пунктегі айлақтың жағдайдын зерттеді. Миналарды бағытын бақылау үшін іздеу жүргізілді. Шартты диверсанттарды жою мақсатында теңізшілер әртүрлі қозғалыс бағытында граната лақтыруды орындады.

Әскери сүңгуірлер корабль корпусының су асты бөлігінде, оның астындағы топырақта жарылғыш құрылғылар мен зақымданулардың бар-жоғын қарап шықты. «Алатау» мина-тартқыш корабльінің жеке құрамы төтенше жағдайларда корабльдің өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады.

Жаттығудың соңғы кезеңінде кемелер сыртқы рейдке шықты. Олар экипаждардың және судағы диверсияға қарсы қорғанысты ұйымдастыру бойынша өзара әрекет жасайтын күштердің практикалық іс-қимылын орындады

Оқу-жаттығу кемелерді тұрақты орналасқан жерде де, теңізде де күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге дайындығын көрсетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы