Көптен көрінбеген Рим Папасы алғаш рет Ватиканда көпшілік алдына шықты
Ауыр пневмониядан айығып жатқан Рим Папасы Франциск Ватикандағы Әулие Петр алаңында күтпеген жерден сенушілер тобының алдына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ватикан алаңында науқастар мен медицина қызметкерлеріне арналған христиандық мерейтойлық жылды мерекелеуге арналған шара өтті. Понтифик болмаған кезде оны Евангелизация департаментінің про-префектісі, монсеньор Рино Физикелла басқарды. Шара соңында мүгедектер арбасында Рим Папасы Франциск алаңға шықты. Жиналған жұрт оны қошеметпен қарсы алды. Сол жерден понтифик имандыларға қысқаша сәлем берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түнгі клубта концерт кезінде шатыр құлап, 27 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы