Көпсайыстан ел чемпионаты өтті
Елордада үздік әуесқой атлеттер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көпсайыстан ел біріншілігіне еліміздің әр түкпірінен 70 спортшы қатысты. Олар 10 бағыт бойынша сынға түсті. Алдымен жүзуден қарым-қабілетін байқатса, кейін жұлқа көтеру сынды күштік сайыстарда өзара мықтылар анықталды. Бір айта кетерлігі, чемпионатта ерлермен қатар қыздар да бағын сынап көрді. Оқ бойы озып шыққандар Триатлон паркіндегі салтанатты шарада марапатталды.
Іріктеу сайысына қатысуға еліміздің әр түкпірінен өтініш түсті. Тек 8 өңірдің атлеттері ғана ақтық сайыста бақ сынады. Әсіресе Алматы, Астана, Қостанай, Өскемен қалаларының спортшылары белсенді. Енді ең үздіктері 11 желтоқсанда Будапеште өтетін әлем біріншілінде ел намысын қорғайды, - деді функционалды көпсайыстан Қазақстан федерациясының президенті Николай Мещеряков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды
Өзгелердің жаңалығы