Көпқабатты үйлерді басқару бойынша екі мыңнан астам қарапайым серіктестік құрылды

Биыл аймақта тұрғын үй реформасын жүзеге асыру шеңберінде 2200-ден астам үй басқарудың жаңа формаларына көшу керек, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні 150 мүлік иелерінің бірлестігі мен 1200-ден астам қарапайым серіктестік құрылды. Бұл – атқарылған жұмыстың тең жартысы.

Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрлан Рашитовтың айтуынша, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жалғасын тауып келеді. 

Жаңа реформаны қабылдағысы келмейтін халық бар. Себебі, тұрғын үйдің шығыны көбейіп, тарифтер өседі. Бүгінгі күні бір шаршы метр үшін 29 теңге қарастырылған. Бұл – минималды шығын. Көпқабатты үйдің тұрғызылған уақытына қарай шығын көлемі де қарастырылатын болады. Сондықтан, бір шаршы метрге кететін шығын 35 теңге болуы мүмкін. Тариф жиындарда бекітіледі. Нақты шешімді мүлік иелері өздері тағайындайды, - дейді Нұрлан Рашитов.

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығындағы 1129 үй жылу маусымына дайын. Бұл үйлерде тұрғындардан жиналған қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішкі коммуналдық желілер реттелді. Облыста жылыту маусымы үш күннен соң басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылытылады, кейін көпқабатты үйлер кезең-кезеңмен қосылады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы