Бүгiн 2026, 00:27
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Көпқабатты үйдегі өрт: Петропавлда жүзден аса адам эвакуацияланды
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 100-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға Уәлиханов көшесіндегі үйдің 9-қабатындағы балконда болған. Жалын сыртқа лап етіп шығып, басқа пәтерлерге таралу қаупін тудырған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті жылдам сөндіріп, оның өзге пәтерлерге таралуына жол бермеді.
Барлығы 117 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.