Көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Бүгінде Ғ.Иляев көшесіндегі № 113/5 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімі жауаптылармен бірге нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады.
Күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында тұрғындар келісімімен қайтарымды қаржы негізінде басталған болатын. Қазіргі таңда үйдің қасбетін толығымен жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Өндірістік кестеге сәйкес қараша айының соңында жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Қала әкімі тұрғын үй, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының басшыларына үйдің сыртқы келбетін жөндеу барысындағы кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ балалар және спорт алаңшаларын салуға жер телімдерін қарастырып, ирригациялық жүйелерді орнатуды жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы