6 Желтоқсан 2025 2025, 08:20 Фото: pixabay.com

Көпірге ілініп қалған жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында көктайғақ салдарынан көпірге ілініп қалған жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында көктайғақ салдарынан көпірге ілініп қалған жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға кезінде құтқарушылар жүргізушіні кабинадан сәтті шығарып алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, кірпіш тиелген тіркемесі бар жүк көлігі тайғақ көпірде басқарудан шығып, жолдан тайып кеткен.

Нәтижесінде ауыр тіркеме жардың шетінде аса қауіпті жағдайда қалып қойған. Құтқару операциясы бірнеше минутқа созылған.

Мамандар жүргізушінің өмірін сақтап қалу үшін арнайы құралдарды қолданған.