Копенгагенде Данияның премьер-министріне шабуыл жасалды

Данияның астанасында ер адам премьер-министр Метте Фредериксенге шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дат басылымының мәліметінше, шабуылдаушы М.Фредериксенге Ескі қаладағы Культорвет көшесінде қол көтерген. Үкімет басшысының кеңсесі басқа ақпарат ұсынған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдары М.Фредериксеннің жағдайы жақсы екендігін жазуда, алайда ол болған жайттан есеңгіреп қалған.

Премьерге қол көтерген ер адам ұсталды.

Метте Фредериксен 46 жаста. Ол Дания үкіметін 2019 жылдан бері басқарып келеді.

Еске салайық, бұған Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо жараланған болатын. Саясаткерге Гандлов қаласындағы министрлер кабинетінің отырысынан соң бірнеше мәрте оқ атқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: reuters.com
Өзгелердің жаңалығы