5 Қыркүйек 2022 2022, 19:46
Kөпбалалы отбасыларға қандай қаржылық қолдау көрсетіледі?
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері есептеліп, балалар санына байланысты төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері есептеліп, балалар санына байланысты төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы көпбалалы отбасыларға:
- төрт балаға – 16,03 АЕК;
- бес балаға – 20,04 АЕК;
- алты балаға – 24,05 АЕК;
- жеті балаға – 28,06 АЕК төленеді.
Әр келесі балаға қосымша 4 АЕК-тен төленеді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.