Көпбалалы аналардың негізгі мәселелерін көтеру қажет – Нұржамал Майусова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы ана, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұржамал Майусова Nur Otan-ның партияішілік сайлауына қатысып, көпбалалы аналарға барынша қолдау таныту керектігі туралы өз ұстанымын білдірді.
Менің мақсатым әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру. Жұмыссыз, бала күтімімен, үй шаруасында отырған әйел, аналардың, қыз-келіншектердің өз кәсіптерін ашып, жеке шаруаларын жүргізуге ықпал ету. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесте аналардың, қыз-келіншектердің қатарын көбейту. Бала тәрбиесіне, отбасы мәдениетіне ерекше көңіл бөліп, бұл реттегі әйелдердің, аналардың үлестерін, мүмкіндіктерін, әлеуетін көтеру. Бақытты отбасы, үлгілі отбасы, мерейлі отбасы қатарларын көбейтуге өз үлесімді қосу. Әйел қоғамның да, отбасының да ұйытқысы екенін ұмытпайық, - дейді праймериз қатысушысы Нұржамал Әбілжанқызы.
Нұржамал Майусованың сөзінше, қоғамда, жанұяда әйелдерге, қыз-келіншектерге және жасөспірім балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты болдырмау үшін жұмыс жасау қажет. Осының бәрін бүгінгі күнге дейін атқарып келеміз және жалғастыра да беретіндігін айтты.
Сондай-ақ, көпбалалы аналарға барынша қолдау танытып, негізгі мәселелерін көтеру маңызды.
Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны Майусова Нұржамал 4 баланың анасы, журналист. Ол Созақ ауданында 2013 жылы іскер басшы, майталман мамандар, өз кәсібін дөңгелетіп отырған бизнес ханымдарының басын құрап, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігін құрды. Ұйымның негізгі мақсаты - әйел аналардың қоғамдағы рөлін арттыру, мұқтаж жандарға көмек қолын созу.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Мемлекеттік қызметшілердің барлығы бірдей жемқор емес
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы