Көпбалалы аналар марапатталды
Отбасы күніне орай Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көпбалалы аналарға 5 алтын және 26 күміс алқа табыс етті , деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі ана өмірдегі басты және жақын адамымыз екенін атап өтті.
Құрметті аналар, Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер – нағыз үлгі боларлықтай жансыздар. Бала тәрбиесінде ананың рөлі өте ерекше. Сіздерге денсаулық тілей отырып, еліміздің лайықты азаматы, жақсы және саналы ұрпақ тәрбиелейтіндеріңізге сенімдімін, – деп атап өтті Н.Қилыбай.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 969 Жарлығымен 5 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 26 көпбалалы ана «Күміс алқа» наградаларымен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында «Жармола» тарихи жәрмеңкесі қайта жанданды
Келесі жаңалық
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы