Көпбалалы анаға «әлеуметтік көмек өндіріп беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбалалы ананы алдап кеткен шымкенттік алаяқ анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам көпбалалы отбасыға “мемлекет тарапынан берілетін көмек қаржы” әлеуметтік көмек өндіріп беремін деп сенімін теріс пайдаланып, алаяқтық жолмен 90 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. 

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстығы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы