"Көп шығыннан қорықпаңыз". Сауда министрі халыққа кеңес айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарға табысты арттыру керегін айтып, кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі үкіметте өткен брифингте министрге "Қазақстандықтар қашан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қояды?" деп сұрады.

Арман Шаққалиев көп шығыннан қорықпау керек дейді.

"Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов" деген сөз бар. Cондықтан сіз көбірек ақша тауып, көбірек (өнім) өндіруіңіз керек. Азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына тоқталайын. Мұнда бағалар құбылмалы. Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде, бәсекелестіктің деңгейі жоғары жәна нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позицияның қалай өзгеретінін айла алмаймын. Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы