Соңғы он жылда әлемде ең көп сатылған 10 кітап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазушы Э. Л. Джеймстің "Сұр түстің 50 реңі" эротикалық романы 2010 жылдан бергі ең көп сатылған кітап атанды. Бұл туралы NPD Group хабарлады деп жазады, 7kun.kz.
Кітаптың тек АҚШ-та ғана 15,2 млн данасы сатылған. Екінші, үшінші орында жазушының "50 реңге қаралау" и "Еркіндіктің 50 реңі" кітаптары – 10,4 және 9,3 млн данамен сатылған.
Одан кейінгі орында Сьюзен Коллинздің "Аш ойындар" кітабы (8,7 млн), Кэтрин Стокеттың "Қызметші" (8,7 млн), Пол Хокинстің "Пойыздағы қыз" (8,2 млн), Гиллиан Флиннің "Жоғалып кеткен" (8,1 млн), Джон Гриннің "Жұлдыздар кінәлі" кітабы. Топ-10 тізімін Стиг Ларссонның "Айдаһар суретті қыз", Вероника Роттың "Дивергент" кітабы жапқан.
Айта кетейік, авторлардың барлығы әйелдер, ер жазушылар арасынан Грин мен Ларссон ғана тізімге енген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы