Көп күткен жекпе-жек! Шавкат Рахмонов қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-4) көз арбасты.  Ресми рәсімнен кейін қол алысып, тату тарасты, деп хабарлайды BAQ.KZ vesti.kz сілтеме жасап.

Екі спортшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 285 турнирі аясында өтеді. Жартылай орта салмақта өзара мықтыны анықтайтын болады. Қазақстандағы уақыт бойынша 5 наурыз күні таңда шығады.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін UFC-де 4 жекпе-жек өткізді. Оның барлығында қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: vesti.kz
Өзгелердің жаңалығы