Көпбалалы аналар тұрғын үй бөлу жөніндегі комиссия құрамына енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметов қабылдауында болған азаматтардың өтінішін тыңдай келе, аталған мәселелер бойынша жауапты басқармалар мен қала және аудан әкімдеріне тапсырма берді.

Мысалы, Алтай ауданының тұрғындары Березовский кентіндегі Горный шағын көшесін ашуды өтінді. Сонда тұрғындардың республикалық маңыздағы тас жолға жылдам шығып кетулеріне ыңғайлы болады. Облыс басшысы ауыл тұрғындарына көмектесуді тапсырды. Тұрғындар сумен және жылумен жабдықтау мәселесінің шешілгеніне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Балалары жоғары оқу орындарының ақылы бөлімінде оқитын Семейлік көпбалалы аналар да аймақ басшысына өз жағдайларын айтып, көмек сұрады. Пандемия кезінде көптеген отбасы қаржылық қиыншылыққа тап болғаны белгілі. Соның салдарынан балаларының оқу ақысының төлей алмағандықтан емтихан тапсыра алмаған. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары бұл мәселені қысқа мерзімде қарайтын болады.

Біз бұл мақсаттарға «Парыз» қорынан қаражат бөлеміз. Сонымен қатар, көпбалалы аналар өздерін осы санатқа жататын тұрғындарға баспана бөлу жөніндегі комиссияға қосуды сұрады. Мен бұл мәселені үнемі көтеріп келемін. Алдағы уақытта менің тапсырмам бойынша Семей қаласының әкімі бұл жағдайды реттейді, - деді Д.Ахметов.

Келесі бір мәселені Веста синдромына шалдыққан баланың анасы Оксана Жұмағазиева көтерді. Оның айтуынша, баланың еміне қажет препарат қымбат тұрады. Аймақ басшысы аталмыш мәселені де шешуді тапсырды және жақын күндері бұл отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі.   

Сондай-ақ әкімге Өскемен қаласының тұрғындары Ахмер кентінен Амбулаториялық орталық ашу және 19-шағын ауданның аулаларын жарықтандыру мәселелері бойынша өтініш білдірді. Алдағы уақытта аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімі мен коммуналдық қызметтер осы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, облыс басшысына жоспарларын ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы