Қоңырбаев: Техникалық университеттердің стартаптарына қызығушылық мол

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Басқарма басшысы Алматыда цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту жоспарлары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, жақында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы IT кеңестің отырысында 2020 жылы кеңес атқарған жұмыстың қорытындысы мен 2021-2023 жылдарға арналған орта мерзімді жұмыс жоспары тыңдалған. 

Оған қоса Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингімен бірлесіп әзірленген Алматының IT архитектурасын қалыптастырудың мақсатты жоспарына қол қойыпты. 

Сонымен қатар ол қаланың IT кеңесі аясында көптеген жұмыс атқарылып жатқанын айтып өтті. Соның бірі жеткізуші мердігерлердің базасы құрастырылған. 

Биыл IT кеңеске кіруге жаңа мүшелерді тарту бойынша сайлау өткіземіз. Өткен жылы аталған кеңес 39 жиын өткізді, соның нәтижесінде Жол картасы әзірленіп, стартаптарды тарта бастадық. Мұның барлығы қаланы дамыту тұрғысында жасалып жатыр. Егер сізде қаланы қолайлы ету бойынша қандайда бір идея бар болса және бізбен бірге жұмыс істегіңіз келсе онда қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ техникалық университетттердің стартаптарына да қызығушылық танытып отырмыз. Өткен жылы 65-ке жуық серіктеспен жұмыс істедік, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы