Контрафактілік өнімдер денсаулыққа қауіп төндіреді – дәрігер

Өткен жылдары контрафактілік өнімдердің 1156 заң бұзушылық дерегі анықталып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 81 546 772 теңгені кұраған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Денсаулық» Қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова мәлімдеді.

Былтыр біз Тұтынушылар лигасымен және «Report Kontrafakt» коммерциялық жобасымен бірге отандық нарықта контрафактілік өнімдердің, бар-жоғына талдау жасау нәтижелерін ұсындық. Контрафактілік өнімдер денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Тұтынушылар нарығында белсенді сатылып жатқан контрафактілік тауарлардың үлгілерін көрсеттік. Нәтижесінде халық арасында резонанс туды. Осы ретте еліміздегі тауарларды жақсартуға ұсынымдар әзірлеп, оны халыққа ұсындық, - деді Бақыт Түменова.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше, елде контрафактілік өнімдердің көлемі жыл сайын 7-10 пайызға артып келеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің мәліметінше, 2022 жылы азаматтар тарапынан түскен шағымдардың саны алдыңғы жылмен салыстыранда 139%-ға, ал көлік, байланыс, коғамдық тамақтану және медицина секілді салаларда бірден 3 есе өскен, - деді Қазақстан тұтынушылары лигасының жетекшісі Светлана Романовская.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы