Қазақстан-қырғыз шекарасында контрабандалық жүк тасығандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталған азамат және контрабандалық жүк одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жөнелтілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 21 тамызда шекарашылар «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) «Mercedes-Benz» маркалы автомобиль салонын тексеру барысында көліктің орындығының астынан полиэтилен пакеттерге оралған күміс бұйымдар жасырылған құпия орынды анықтады. Брикеттердің жалпы салмағы – 50 кг 516 гр. Бұйымдардың алдын ала бағалау құны 16 млн теңге, - делінген хабарламада.
Аталған факт СДТБТ-да тіркелді. Ұсталған азамат және контрабандалық жүк одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жөнелтілді.
Шекара қызметі контрабандалық жүк тасымалдау жолдарын жабу бойынша қарқынды іс-шараларды жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс жасалғаны айтылды
Өзгелердің жаңалығы