Контент үшін жол ережесін бұзған алматылық жазаланды
Құқық бұзушының жеке басы жедел түрде анықталды.
Алматы қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған жүргізушіге қатысты заң аясында шара қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Интернетте жүргізілген мониторинг барысында Toyota автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін қасақана асыра отырып, бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіргені анықталды. Сондай-ақ көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі салонында орналасқаны белгілі болды.
Құқық бұзушының жеке басы жедел түрде анықталды. Ол – Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны.
Жүргізуші көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны және арнайы жарық-сигнал беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өрескел құқық бұзушылықтарды әлеуметтік желілер үшін «контентке» айналдыру әрекеттері – қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін және жол беруге болмайтын үрдіс. Полиция мұндай заңсыз әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын ескертеді, - дейді полицейлер.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың әрбір дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық көлемде жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
- Олимпиада-2028 ойындарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталды 00:22
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026