Бүгiн 2026, 08:44 Фото: скрин

Контент қуған қыздың әрекеті тұрғындарды дүрліктірді

Ақтауда бойжеткен видео түсіріп әлеуметтік желіге жариялау үшін ғимараттың төбесіне шыққан.

Ақтауда 22 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіге арналған бейнеролик түсіру үшін ғимараттың төбесіне шығып, тұрғындарды алаңдатты.

Оқиға қаладағы 12А шағын ауданында болған. Ғимараттың төбесінде тұрған қызды көрген тұрғындардың бірі оның суретін Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-чатында жариялаған. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

Тексеру барысында бойжеткеннің оқу орталығы ғимаратының төбесінде әлеуметтік желіге арналған контент түсіріп жүргені анықталды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қызбен қауіпсіздік талаптарын сақтау және өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.