Конституциялық заңдылық: Эльвира Әзімова бірнеше ұсыныс жасады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуді бақылауды күшейту үшін бірнеше мәселеге назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңнамалық түзетулерді әзірлеу жөніндегі жұмысты Конституциялық Соттың ұсынымдарын ескере отырып, жалғастыру қажет, - деді Әзімова.

Ол Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуді бақылау тетігін күшейту мақсатында заң шығарушы мынадай мәселелерге назар аударуы қажет екенін атап өтті.

Олар:

Біріншіден, Конституциялық Соттың шешімдері уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жедел ден қоюды талап етеді. Заң деңгейінде Конституциялық Соттың шешімдерін іске асыруда нормативтік құқықтықактілерді әзірлеудің оңайлатылғантәртібі конституциялық емес дептанылған актілерге немесеолардың жекелеген ережелеріне қатысты ғана көзделген. Норма Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған жағдайда бұл тетік қолданылмайды.

Екінші, Заңнамалық ұсыныстардың құқықтық және практикалық негізділігінің жеткіліксіз пысықталуы, мамандардың қорытындыларына және құқықтық салдар болжамына тиісінше назар аудармау сапасыз нормативтік құқықтық актіні қабылдауға, тіпті оны конституциялық емес деп тануға әкеп соғуы мүмкін.

Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуына тексеруді және Жоғарғы Соттың сот практикасын жинақтауды есепке алуды заңнамаға құқықтық мониторинг құралдары ретінде қосу орынды.

Үшінші, Конституциялық Сот өз шешімдерінде қаралған заңдардың оларды қолданысқа енгізу тәртібін реттейтін қорытынды және өтпелі ережелерінде жаңа талаптардың кері күші туралы ережелер көзделмегенін көрсеткен болатын. Бұл ретте Парламент қабылдаған заңдардың, егер бұл туралы шешім заңның өзінде немесе оны қолданысқа енгізу туралы қаулыда бекітілген болса, кері күші болуы мүмкін деп түсіндірілді. Бұл әсіресе тыйым салулар, шектеулер, жеңілдіктер немесе көтермелеу шаралары енгізетін жаңа заңдардың нормаларына қатысты.

Төртінші, Конституциялық заңның 63-бабының 4-тармағында Конституциялық Сот осындай шешім қабылдаған жағдайда оны қолдану кезінде өзгеше түсіндіру болмайды, ал оның салдары конституциялық емес деп шешім қабылдау кезіндегі жағдаймен бірдей болады деп айқындалған.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулысының бұл түрін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың іс жүргізуді қайта бастауы үшін негіздер тізбесіне енгізген орынды.

Бесінші, Жоғарғы Соттың сот практикасын жинақтауына соттардың Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын қолдануын талдауды енгізген жөн. Бұл азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Алтыншы, құқық бұзушылық түрлері үшін олардың қоғамға қауіптілігіне және елдегі криминогендік ахуалға негізделген мөлшерлес жауаптылықты белгілеу мәселесі терең зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге, заң шығарушының осы мәселелердегі дискрециялық өкілеттігінің аясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің жол берілетін конституциялық шегіне сәйкес келуге тиіс.

Қазақстанның Негізгі Заңының үстемдігі мақсатына жеке адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің балансы мен паритетін сақтау, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Демек, конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттік биліктің әрбір субъектісі мен лауазымды адамның норма шығару процесіне және құқық қолдану практикасына қатысу шеңберіндегі міндеті, - деп атап өтті Конституциялық Сот басшысы бірлескен отырыста.

Депутаттар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауына тиісті қаулы қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Конституциялық соттың ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы