Конституциялық заңдағы әділдік, заңдылық пен тәртіп барлық институтқа бірдей деп сенемін

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Асанбаев «Конституциялық сотты қайта жандандыру заманауи конституционализмдің негіздерін бекіту» екендігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» конституциялық заңның қабылдануымен елімізде қазіргі заманғы конституционализмнің басты кепілдерінің бірі Конституциялық сот қайта жанданды.

Конституциялық сот төраға мен оның орынбасарын қосқанда 11 судьядан тұрады. Төрт судьяны Президент, алты судьяны Парламент, әр палата үш судьядан тағайындайды. Конституциялық соттың төрағасын Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. Ал төрағаның орынбасарын Конституциялық сот төрағасының ұсынуы бойынша судьялар қатарынан Президент тағайындайды.

Конституциялық сотқа азаматтардың олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы өтініштерін қарау өкілеттігі берілген.

Яғни бұдан былай еліміздің заңнамасында қолданылып жүрген кейбір нормативтік құқықтық актілер, заңдар, нұсқаулар немесе ережелер олардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне тікелей әсер етеді деп санайтын кез келген Қазақстан азаматы бұдан была й өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жоғары конституциялық органның шешімін пайдалану мақсатында түсіндірме үшін Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы мәселемен жүгіне алады.

Тағы бір айта кететін жайт, сонау 1995 жылы таратылған Конституциялық сотқа қарағанда, еліміздің қазіргі жоғарғы конституциялық органы, болжам бойынша, бұрын сот процесіне ауыртпалық түсірген ұйымдастырушылық және іс жүргізу мәселелерін жеңілдету қажеттілігін ескереді.

 Бүгінгі таңдағы Конституциялық соттың қайта қалпына келтірілуі елде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында ғана емес, сонымен қатар біздің қоғам, үкімет және мемлекет жақында бетпе-бет келген әлеуметтік-экономикалық қатерлер жағдайында жүріп жатыр.

Конституциялық сотты қайта құру заманауи қоғамда азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттеріне қол сұғылмаушылық принципі жалпыадамзаттық құндылық болып табылатынын нақты түсінумен байланысты деп батыл болжау жасауға болады. Әділдік, заңдылық пен тәртіп ұғымдары мемлекет пен қоғамға, бір сөзбен айтқанда, барлық институттарға бірдей қолданылады деп сенім бар.

Сондықтан да 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір Қазақстан азаматы еліміздің жоғары конституциялық органы – Конституциялық сотқа шағымдануға құқылы. Оның қызметі әртүрлі инстанциялардағы соттарды сот талқылауына қатысушылардың өтініштеріне ғана емес, жалпы алғанда, әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен мағыналық негізіне мұқият болуға, олардың Негізгі Заңға, сондай-ақ ел азаматтарының құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің принциптері мен құндылықтарына сәйкестігіне көңіл бөлуіне ынталандыратын тетік құруға бағытталатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы