Конституциялық Сотта өтініштерді қарау өзгеше болады – Мұқанова

Конституциялық Сотта өтініштерді қарау рәсімі  соттардағы іс жүргізу тәртібінен өзгеше болады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші кезекте, конституциялық іс жүргізудің жалпы шарттары мен қағидаттары бекітіледі. Конституциялық Сотқа өтініштердің түрлері, олардың нысаны мен мазмұны айқындалады. Конституциялық заң жобасының 46-бабына ерекше назар аударғым келеді, онда азаматтардың өтініштерін қабылдау критерийлерін белгілеу ұсынылады, - деді А. Мұқанова.

Мұқанованың айтуынша, Конституциялық Сотта өтініштерді қарау рәсімі жалпы соттардағы сот ісін жүргізу тәртібінен түбегейлі ерекшеленбек.

 Сондай-ақ соттардағы өтініштерді қарау 5 кезеңнен тұратыны айтылды.

Жоба барлық процедуралық және ұйымдастыру рәсімдерін жеңілдету қажеттілігін ескере отырып әзірленді. Конституциялық Соттың өтініштерді қарау тәртібі жалпы алғанда бес кезеңнен тұрады. Біріншіден, Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы ескерілген. Екіншіден, конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау жүргізіледі. Үшіншіден, Конституциялық Сот отырысында өтінішті қарау үшін материалдар дайындалады. Төртіншіден, өтінішті қарау бойынша отырыс өткізіледі. Ал соңғы кезеңде өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылданады, -деп атам өтті вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы