Конституциялық Сотқа азаматтар көбіне қандай өтінішпен жүгінеді

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әзімова азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы әділдік пен заңдылықты орнатуға жәрдемдесетінін атап өтті.

Келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы сот шешімдерімен келіспеуге қатысты. Бұл ретте Конституциялық Сот сот шешімдеріне баға беруге құқылы емес екеніне назар аудару керек. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және тағы басқаларға қатысты, - деп айтты Конституциялық Сот төрағасы.

Өтініштердің төрттен бірінде ғана, яғни 26%-ында азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұрайды.

20 өңір бөлінісінде ең көп өтініштер Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті, - деді Эльвира Әзімова Мәжілісте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы